«Түркі әлемі: Тарихы терең Түркістан» халықаралық конференциясы

11 мамыр күні Гуманитарлық ғылымдар факультеті «Тарих» кафедрасының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Түркі әлемі: Тарихы терең Түркістан» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияға Ғылым және инновациялық істер жөніндегі проректор, техн.ғ.д., профессор Т.П.Раимбердиев модераторлық жасады.
Сондай-ақ, Даму және қаржыландыру ісі-жөніндегі проректор М.Эрен құттықтау сөз сөйлеп, оқу ордамыздың «Тарих» кафедрасымен және Өзбекстанның ташкент химиялық-технологиялық институты арасында түзілген меморандумды осы аталған институттың «Өзбекстан тарихы және саясаттану» кафедрасының меңгерушісі, профессор Ш.Ульжаеваға табыстады. 2018 жыл Қазақстанда Өзбекстан жылы деп жариялануына орай, мәдени байланыстарды дамытудың көпірі іспеттес бұл меморандумның маңызы зор.
Пленарлық мәжілісте Өзбекстанның ташкент химиялық-технологиялық институты «Өзбекстан тарихы және саясаттану» кафедрасының меңгерушісі, профессор Ш.Ульжаева «Азербайжанское национально-демократическое движение и ее платформа», Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих.ғ.д., Ж.Артықбаев «Түркістан – түркі халықтарының алтын бесігі», «Тарих» кафедрасының профессоры М.Қожа «Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген қазақ элитасы», И.Арабаев атындағы Қырғыз Мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорлары Р.Элебесова, А.Элебесова «Махмуд Кашгари-Барсканинин тегерек картасынын кыргыз тилине толук которулушу жөнүндө», «Дінтану» кафедрасының доценті, тарих.ғ.к., З.Жандарбеков «Түркінің ата жұрты қайда?», Қырғызстан Нарын облысы Кочкор ауданы Ш.Рысмендиев атындағы орта мектеп оқытушысы Б.Бообекуулу «Орто түрк адабиятын ири өкүлү кул Кожо Ахмет Яссави жана анын кыргыз заманачыл акындарына тийгизген таасири», Б.Н.Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Славяндық университеті Гуманитарлық факультеттің 2-курс студенті Б.Касымов «Эпос Манас – как источник изучения социо-культурного и философско-эстетического восприятия кыргызского народа» тақырыбында баяндама жасады.
Түркі дүниесі ғалымдары мен жас буын өкілдерінің түркі тарихының өзекті мәселелерін талқылауда ортақ ғылыми жоба жасау, зерттеудің жаңа бағыттарын анықтау, жастарды ортақ тарихымыздың құндылықтарында тәрбиелеуді мақсат еткен конференция жоғары деңгейде өтті. Конференция жұмысы «Түркі халықтарының тарихы» «Түркі өркениеті; кеше және бүгін» атты секциялар бойынша ұйымдастырылды. Конференция соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталды.

Ақпарат орталығы