№5 Сенат мәжілісі

14 мамыр күні Мәдениет орталығының кіші залында №5 Сенат мәжілісі өтті.
Мәжіліске сенат мүшелері және құрылымдық бөлім басшылары мен күн тәртібіне қатысы бар бөлім қызметкерлері қатысты.
Мәжіліс дәстүрлі марапаттаудан басталды. Университет ректоры, профессор У.Әбдібеков және ректор уәкілі, профессор М.Куталмыш мерейтой иелерін, жетістікке қол жеткізген оқытушы-профессорларды марапаттады. Атап айтсақ, Ғылым және инновациялық істер жөніндегі проректор, техн.ғ.д., профессор Т.П.Раимбердиев, «Педиатрия» кафедрасының меңгерушісі Г.Асилбекова, «Педиатрия» кафедрасының оқытушысы А.Туреханова, республикалық пікірсайыс турнирінің жеңімпаз студенті Сапарқұл Жансая, республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздары, бірқатар мерейтой иелері марапатталды.
Күн тәртібінде өзекті мәселелер қаралды. Кәсіподақ төрағасы А.Кенжалиев «Университет Кәсіподақ ұйымының қаржылық есебі туралы» есептерін баяндады. Сонымен қатар, Оқу әдістемелік ісі жөніндегі проректор Н.Ажиханов бірқатар академиялық мәселелер туралы, «Стоматология факультетінің клиникасы ережесін бекіту туралы» айтты.
Сондай-ақ, Ғылыми атақ алу үшін ОПҚ-ның құжаттарын ҚР БҒМ-нің Бақылау комитетіне ұсыну туралы; ОПҚ-ның дайындаған оқулық, оқу құралы мен монографияларын баспаға ұсыну туралы; Докторанттар мен магистранттардың диссертациялық тақырыптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және бекіту мәселесі секілді әртүрлі мәселелер қаралды.

Ақпарат орталығы