СЫРДЫҢ ТҰМСА ТАЛАНТЫ

Жуырда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Ауыл-шаруашылық колледжінде белгілі сазгер, әнші, Мәдениет қайраткері Сауранбек Еркінбекұлы Елеуовтің туған күніне орай «Сырдың тұмса таланты» атты ән байқауы өтті.
Сайыстың ерекшелігі – жас өнерпаздар жергілікті сазгер С.Елеуовтің әндерін нақышына келтіріп орындады. Оған Жаңақорған, Шиелі аудандарындағы, Түркістан қаласындағы колледждердің студенттері мен 9-11 сынып оқушылары арасынан 11 үміткер қатысты. Сазгердің «Туған жер», «Апатайым анашым», «Жұлдызым», «Айдында жүзген аққулар», «Бесік жыры», «Армысыңдар адамдар», «Жаным-ау түсінбедің», «Айналайын», «Туған жер», «Ғашығым» т.б. әндері орындалды.
Байқау соңында жүзден жүйрік жеңімпаздарға жергілікті сазгерлер Қазақстанның еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері Бексұлтан Байкенжеев, Нағысхан Жаманбаев, Сауранбек Елеуов атындағы арнайы жүлделер табысталды.

Ақпарат орталығы