Классикалық ән өнері фестивалі

17 мамыр күні оқу ордамыздың Мәдениет орталығында ҚР Халық әртісі, профессор Рахима Жубатурова Төлегенқызының 75 жас мерейтойына орай ұйымдастырылған І Халықаралық классикалық ән өнері фестивалі өтті.
Фестивалдің мақсаты — өнерлі жастарымыздың шығармашылық қабілеттерін, таланттарын айқындау және дамыту; рухани әлеуетін көтеру мен орындаушыларға қолдау көрсету; класикалық өнердің маңызын арттыру және жас таланттарды таныту.
Тәрбие және мәдени істер департаментінің ұйымдастыруымен алғаш рет университетте классикалық әуендер жарысы өтті. Фестивальге еліміздің және түркі елдерінен келген 15-ке жуық үміткер қатысты. Сайыс үш кезең, кең көлемді көне ария (старинная ария), халық әні, еркін таңдауда әуендер шырқалып, әлемдік композиторларының туындылары орындалды. Күміс көмей әншілер опералық туындыларды керемет орындады.
Рахима Жубатурова Төлегенқызының басқаруымен қазылардың шешімі бойынша жеңімпаздар анықталды. Бас жүлдені Мадина Оразбай (Алматы қаласы), І орынды Қуаныш Жантұрған (Ақтау қаласы), Мұрат Молдакерім Мәкенұлы (Шымкент қаласы), Әмір Сейдулла (Түркістан қаласы), ІІ орынды Гүлжазира Жолдасбаева Жалидуллақызы (Алматы қаласы), Леонид Рукавишников Дмитриевич (Қырғыстан, Бишкек), Мария Медетова Юрьевна (Алматы қаласы), ІІІ орынды Райымбек Бақытұлы (Түркістан қаласы), Қарлығаш Алтыбай (Түркістан қаласы), Дана Исаева Балтабайқызы (Түркістан қаласы), Жанарыс Исахан Тілеуханұлы (Түркістан қаласы) иеленді.
Жеңімпаз иелері сый-сияпат пен дипломмен марапатталды. Сонымен қатар университет басшылары, ҚР Халық әртісі, профессор Рахима Жубатурова Төлегенқызын 75 жасқа толуымен құттықтап, сыйлықтар табыстады. Фестиваль соңында Шымкент қаласының опера және балет театрының солистері ән шырқап өнерлерін көрсетті.

Ақпарат орталығы