Әзірбайжан Республикасының 100 жылдығы атап өтілді

18 мамыр күні Мәдениет орталығында Шығыстағы мұсылман елдер арасындағы тұңғыш демократиялық Әзірбайжан Республикасының құрылғанына 100 жыл толуына орай салтанатты кеш өтті.
Ректор уәкілі, профессор М.Куталмыш, Ұйымдастыру және тәрбие ісі жөніндегі вице-президент Б.Мухамеджанов құттықтау сөз сөйлеп, тарихи деректерді баяндады.
Шара шымылдығы Әзірбайжан Республикасының қарқынды дамуын көрсететін бейнероликпен ашылды. Әзірбайжандық студенттер атынан Халықаралық қатынастар мамандығының 3-курс студенті Руслан Досталин сөз сөйлеп, баяндама жасады.
Сондай-ақ, концерттік бағдарламаға ұласқан кеш барысында Халықаралық қатынастар мамандығының 2-курс студенті Орхан Джахангирлі Рамиз Гусарчайлының «Azerbaycan bayraği» өлеңін оқыды.
Шара соңында жастар «Yallı» биін биледі. Айта кетейік, оқу ордамызда Әзірбайжан Республикасынан келген 50 студент білім алады.

Ақпарат орталығы