Өзбекстанның Самарқанд қаласында «Қазақстанның білім күні жәрменкесі» өтті

18-20 мамыр күндері Қазақстан Республикасының Халықаралық бағдарламалар орталығының ұйымдастыруымен Өзбекстан мемлекеті Самарқанд Мемлекеттік шет тілдер институтында «Қазақстанның білім күні жәрменкесі» ұйымдастырылды. Самарқанд қаласындағы білім көрмесіне еліміздің 15-ке жуық жоғары оқу орындары қатысты.
Көрмеге университетіміздің Оқу-әдістемелік ісі жөніндегі вице-президенті Н. Ажиханов пен Академиялық ұтқырлық бөлімінің басшысы Ф.Дадажанов қатысты.
Сонымен қатар, 19 мамыр күні Самарқанд Мемлекеттік шет тілдер институтының ректоры И.М.Тухтасиновпен кездесу өтті. Кездесу барысында ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау үшін оқу-әдістемелік, онлайн курстарды ұйымдастыру, академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша ОПҚ және студент алмасу, біріккен ғылыми конференциялармен, инновациялармен алмасу сұрақтары талқыланды.
Самарқанд Мемлекеттік шет тілдер институты арасындағы халықаралық ынтымақтастыққа кол жеткізілді.
Сонымен бірге, Мухаммед Аль-Хорезми атындағы Ташкент ақпараттық технологиялар университетімен ұтқырлық бағдарламалары бойынша ОПҚ және студент алмасу мақсатында меморандум жасалды.
Толық мәліметті төмендегі сілтемеден қарауға болады:

http://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/241175-zbekstanda-y-bilim-k-rmesine-elimizdi-15-ke-zhuy-zho-ary-o-u-orny-atysty

https://www.inform.kz/ru/vystavka-dni-kazahstanskogo-obrazovaniya-proshla-v-samarkande_a3259093

https://samdchti.uz/yangiliklar/samdchti-va-qozogistonning-ahmad-yassaviy-nomidagi-xalqaro-universiteti-ortasida-hamkorlik-shartnomasi-imzolandi

Академиялық ұтқырлық бөлімі