Ауызашар дастарханы жайылды

22 мамыр күні оқу ордамыздың №1 ұлдар және №2 қыздар жатақхана алаңында ауызашар берілді. Қасиетті Рамазан айының ауызашары профессор М.Топлу, Әлеуметтік ғылымдар факультетінің оқу ісі жөніндегі декан орынбасары Д.Келесбаев, Ғылым бөлімінің қызметкері Н.Заңәділдің ұйымдастыруымен өтті.
Бұл дәстүрлі дастархан студенттер мен оқытушы-профессорлар мен қызметкерлерге жайылды. Даму және қаржыландыру ісі жөніндегі проректор М.Эрен, Өндірістік шаруашылық ісі жөніндегі проректор Н.Батырбаев, профессор М.Топлу қасиетті рамазан айында ауыз бекіткен жандарды құттықтап, дұға тілектеріңіз қабыл болсын деген жылы лебіздерін жеткізді. Сонымен қатар оқу ордамыздың Әлеуметтік ғылымдар факультетінің декан қызметін атқарған профессор М.Топлуға табысты еңбегі үшін Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан Алғыс хат ұсынылды. Ауызашар соңында құран аяттары оқылып, елдің тыныштығы мен бірлігі үшін дұға жасалды.

Ақпарат орталығы