Кезекті №10 Оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісі өтті

Бүгін, 23 мамыр күні Сенат залында Оқу-әдістемелік ісі жөніндегі вице-президент Н.Т.Ажихановтың төрағалығымен кезекті №10 Оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісі өтті.
Мәжіліске Оқу-әдістемелік кеңес (ОӘК) мүшелері мен күн тәртібіне қатысы бар бөлім қызметкерлері қатысты. Жиналыста әлеуметтік ғылымдар факультетінің жаңа деканы, профессор Ефтал Шукру Батмаз ОӘК мүшелеріне ресми түрде таныстырылды. Мәжіліс барысында күн тәртібіне сәйкес мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды. Сонымен қатар, вице-президент Н.Т.Ажиханов Орта Азия жоғары оқу орындары біздің университетімізбен бірлесіп қос диплом беру, ПОҚ алмасу, білім берушілердің академиялық ұтқырлығын дамытуға үлкен қызығушылығын білідіріп, тиісті келісім-шарттарға қол қоюды жоспарлап отырғанын ерекше айтып кетті. Сонымен қатар, «2017-2018 оқы жылында Түркияның алдыңғы қатардағы ЖОО-лардан «визитинг-профессор» бағдарламасы бойынша ХҚТУ-да 27 профессор дәріс оқыды, ал біздің университеттен Түркияға барып 83 профессор сабақ берді. 2016-2017 оқу жылында Түркиядан сабақ беруге 84 профессор келді, ал бізден ол жаққа 8 профессор дәріс беріп қайтты»-деп сөзін жалғастырды. Тағы да ерекше айтылып кеткен жетістігіміз – биыл әлем университеттерінің Webometrics Ranking of World Universities (Ranking Web of Universities) рейтінгісінде біздің оқу ордамыз 92-ші орыннан 50-ші орынға көтерілгені туралы хабарлады. Осыған қоса, Erasmus+ бағдарламасы бойынша әр факультетке екі ғылыми жобасын және Түркиядағы серіктес ЖОО-мен 2-3 мамандықтар бойынша қос диплом жүйесін 2018-2019 оқу жылында еңгізуге тапсырмалар берілді.

Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директорының орынбасары М.Мирзахметов