«Алтын тамыр» шығармашыл жастар форумы

28 мамыр күні Ғылыми кітапхананың конференц-залында «Қазақ филологиясы» кафедрасының және «С.Ерубаев атындағы әдеби клубтың» ұйымдастыруымен «Алтын тамыр» дәстүрлі шығармашыл жастар форумы өтті.
Форум шымылдығы «Қазақ филологиясы» кафедрасын, мамандықты жан-жақты жарнамалаған таныстырылым бейнеролигімен басталды.
Шара мақсаты – университет студенттерімен мектеп оқушылары арасында шығармашылық байланыс орнату, университетті таныстыру. Форумға студенттер, Түркістан қаласының, Ордабасы ауданының, т.б. алыс-жақын аудандардың 9,10,11 сынып мектеп оқушылары, мұғалімдер қатысты.
Түркістан қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы Ж.Құлбайымбетов, Тәрбие және мәдени істер департаментінің директоры Л.Есентаева, Мәдениет орталығының директоры Ж.Досболов, шара ұйымдастырушысы, «Қазақ филологиясы» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Ә.Толысбаева сөз сөйлеп, жастарға тәлім-тәрбиелік маңызы зор, тағылымды әңгімелер айтты.
Сондай-ақ, оқу орданың талантты түлектері Болат Сенбеков, Алмас Мұхтарұлы, Әсел Бимурзаева ән айтып, өлең оқыды.
Әдеби клубтың мүшелері де белсенді атсалысып, өнерпаз жастар шағын концерттік бағдарлама қойды.
Шара соңында «Жастар орталығының» басшысы А.Лескенов барлық қатысушыларға Алғыс хат табыстады.

Ақпарат орталығы