Оқу ордамыз институционалды аккредиттеуден өтті

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) ұйымдастырған институционалды аккредитациялау процедурасынан табысты өтіп, 2018 жылдың 31 мамырында Астана қаласында өткен агенттіктің Аккредиттеу Кеңесінде оқу орнын 5 жыл мерзімге аккредиттеу туралы шешім қабылданды.
Ахмет Ясауи университеті ұжымының аккредитацияға дайындық үдерісіндегі қажырлы еңбегі, сапаны қамтамасыз ету бойынша халықаралық желілерге қосылу жұмыстары, білім беру бағытындағы іс-шараларды жауапкершілікпен атқаруы — университет үшін маңызды кезеңнен сәтті өтуінің кепілі болды.
Университет ұжымына жоғары оқу орындарының бәсекелестік алаңында өзін одан әрі жоғары көрсету, шынайы әлемдік стандарттарға сай ұсынылатын білім берудің мәртебесіне ие болу бағытында сәттіліктер тілейміз!

Аккредитация және рейтинг орталығы