«Жасыл ел» жастар жасағы

Түркістан қаласының әкімдігінің ұйытқы болуымен, Жастар орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша оқу ордамызда бірқатар жұмыстар атқарылуда. Табиғатты қорғау мен экологияны сақтауға ғана емес, жастардың тәрбиесі мен еңбекке баулуына да бағытталған бағдарламаға 2018ж маусым-тамыз аралығында 73 студент қатысуға ниет білдірді.
Жастар орталығының басшысы А.Ілескен: «Жастар жалақысына «Жасыл ел» республикалық бюджеттен арнайы 35 394 тенге қаралып отыр. Университет есебінен 2018 жылғы қаңтардан бастап жалақының ең төменгі мөлшері 28 284 тенге болып бекітілген. Жалпы 63 678 тенге. Жасыл ел жастар еңбек жасағында жұмыс жасайтын студенттер толықтай киіммен қамтамасыз етіледі. Студенттеріміз №1,2,3 жатақханалардың және университет аумағындағы №1,2,3 оқу ғимараттарының, Мәдениет орталығының және Мағжан қалашығының аумағында көгалдандыру жұмыстарын жүргізеді» — деп мәлімет берді.
Жастардың экологиялық мәселелерді шешуі, оқу орда аумағын жасыл желекке орап, көгалдандыруы қуантады. Қаламыздың, оқу орданың көркеюі мен гүлденуіне үлестерін қосып жүрген «жасыл елдіктердің» мерейі жасай берсін! Жігерлі де ынталы жастарымыздың еңбектері жемісті боларына сенемін.

Журналистика мамандығының 1-курс студенті Айдана Сагинбекова