Түлектер ұстаздарына алғыс білдірді

2 шілде күні университеттің Ғылыми кітапханасында Жаратылыстану факультетінің бітіруші түлектеріне арналған «Диплом табыстау» рәсімі өтті. Салтанатты шараға университет ректоры, академик Б.Абдрасилов, вице-президенттер, профессор Н.Ажиханов, профессор Т.Раимбердиев арнайы қатысты.
Түлектердің өміріндегі ең үлкен маңызды шараға жастардың туған-туыстары мен ата-аналары да келген. Факультетті биыл 119 студент бітіріп отыр. Оның қатарында 7 үздікке диплом иегері бар.
Диплом табыстау барысында ректор Б.Абдрасилов жастарға табыстар тілеп, қуаныштарына ортақтасты. Сондай-ақ, мамандықтарына құрметпен қарап, Отанның дамуына қызмет етуге шақырды.
Түлектер үшін айтулы күн саналатын, кеш соңында түлектері әсем әнін жолдап ұстаздары мен оқу орнына алғысын білдірді.

Ақпарат орталығы.