Ректор Медицина факультетінің студенттеріне диплом табыстады

5 шілде күні Мәдениет орталығының үлкен залында Жалпы медицина және Стоматология факультетінің бітіруші түлектеріне арналған «Диплом табыстау» рәсімі өтті.
Салтанатты жиынға университет ректоры, академик Б.Абдрасилов және ректор өкілі Мехмет Куталмыш қатысып, жастарды құттықтап, табыс тіледі. Сондай-ақ, Тәуелсіз елдің дамуына қызмет етуге шақырды. Жастардың өміріндегі ең үлкен маңызды шараға бітіруші түлектердің ата-аналары мен туған-туыстары келді. Биылғы оқу жылында Жалпы медицина факультетінде барлығы – 255 түлек бітіріп отыр. Оның ішінде 1 үздік диплом иегері бар. Стоматология мамандығының 68 түлегі  интернатурада 1 жыл оқиды. Жалпы медицина мамандығын бітірген 255 студент екі жыл интернатурада оқу мүмкіндігіне ие болады. Одан соң магистратура, докторантура және резидентурада білімін жалғастыра алады.

Кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласып, түлектер жақсы көңіл-күйде тарқасты.

Ақпарат орталығы