Университет ректоры магистрант, докторанттармен кездесті

4 шілде күні Мәдениет орталығының кіші залында университет ректоры Б.Абдрасилов магистранттар және докторанттармен кездесті.
Кездесуге ректор уәкілі, профессор М.Куталмыш және оқытушы-профессорлар қатысты.
Кездесу барысында оқу жүйесінің сапалығы, диссертацияның қорғалу барысы, ғылыми мақалалардың жариялануы, басқа да маңызды мәселелер талқыланды. Сондай-ақ кездесуде алыс және жақын шет елдерде ғылыми тағылымдамадан өту, оқу үдерісі сапасы, жұмысқа орналастыру мәселесі сөз болды.
Оқу орын басшысы Болатбек Серікбайұлы магистрант, докторанттардың оқу процесіне байланысты мәселелерін мұқият тыңдады. Ашық кездесуде еркін пікір алмасып, ұсыныстар айтылып, сұрақтар қойылды. Сонымен қатар, білім алушылардың оқу үлгерімі талқыланды. Жас ғалымдар қорғау барысында туындаған қиындықтарға түсіністікпен қарап, қолдау білдірген, мұң-мұқтаждарын тыңдаған басшыларға алғыстарын білдірді. Жастар бәсекеге қабілетті білім алу үшін оқу ордада барлық жағдай жасалғанын айтты.
Кездесу сонында университет басшысы магистранттар мен докторанттарға жаңа белестерді игеруде сәттілік тіледі.
Айта кетейік, оқу ордамызда жалпы – 174 магистрант, 83 докторант білім алады.

Ақпарат орталығы