Шымкент медицина институтында түлектерге диплом табысталды

Астана қаласының 20 жылдығына орай Шымкент қаласы орталық саябағында Дипломнан кейінгі білім беру факультетінің бітіруші түлектеріне арналған «Диплом табыстау» рәсімі өтті.
Салтанатты шараға университет басшысы Б.Абдрасилов және ректор өкілі, профессор М.Куталмыш, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Л.Ташимов, Қарағанды облысы Денсаулық сақтау ұйымының өкілі Е.Жұмажанов, сонымен қатар Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдарының өкілдерімен Шымкент қаласы Денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері қатысып, бітірушілерді құттықтап, еңбек жолдарына табыстар тіледі.
Биылғы оқу жылында Шымкент медицина институтында «Жалпы медицина» мамандығы бойынша – 105 бакалавр, 7-курс бойынша – 404 интернатура, оның ішінде: Хирургия – 43, Педиатрия – 20, Акушерлік және гинекология – 31, Терапия – 50, Жалпы тәжірибелі дәрігер – 260, «Стоматология» мамандығы бойынша – 77 интерн түлектер бітіріп шықты.
Бітіруші түлектердің арасынан 1-үздік, 14-үлгілі бітіруші Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымовтың, 24-үлгілі бітіруші университет ректоры Б.Абдрасиловтың алғыс хаттарымен марапатталды.
Кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласып, түлектерге би кеші арналды.
Ақпарат орталығы