Басқару кеңесі өтті

9 шілде күні Өкілетті кеңес төрағасының мәжіліс залында Басқару кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Басқару кеңеске университет ректоры, Б.Абдрасилов, ректор өкілі Мехмет Куталмыш, құрылымдық бөлім басшылары және университеттің оқытушы-профессорлары қатысты.
5 шілде күні Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев жоғарғы және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын.
Осыған байланысты оқу орын басшысы заңға терең тоқталды. Алқалы жиында заңның негізгі бағыттары толық түсіндірілді: Білім алушыларды қабылдау тәртібін айқындау және білім беру бағдарламалар аясында контингенті қалыптастыру құқығы туралы; Білім беру бағдарламалардың құрылымдары мен мазмұндарын анықтау туралы; ЖОО құрылымы мен қызметкерлер штатын анықтау туралы; Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау тәртібін анықтау туралы; Ғылыми және білім беру қызметі бойынша ЖОО еншілес ұйымдар құру туралы; Академиялық дербестікті кеңейту механизмдері туралы; Ұлттық біліктілік шеңберіне біріктіріле отырып білім беру бағдарламаларын әзірлеу, т.б. маңызды мәселелер айтылды.
«Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының» 78-қадамын іске асыру мақсатында әзірленген заңда білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын анықтау бойынша құзыретті – академиялық дербестікті беру, т.б. мәселелер енгізілген. Заң жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларын дербес әзірлеуіне құқық береді.
Басқару кеңесіне қатысушылар білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған бұл заңды қызу талқылап, бірауыздан қолдады.
Ақпарат орталығы