Түркі жастары түлеп ұшты

Шілденің 13-і күні оқу ордамыздағы Мәдениет орталығының үлкен залында түркі дүниесі жастарының жазғы оқу курсының аяқталуына байланысты жабылу салтанаты өтті.

Маңызды шараға университет ректорының өкілі М.Куталмыш, Ғылыми және инновациялық істер жөніндегі вице-президенті Т.П Райымбердиев, Ұйымдастыру және мәдени істері жөніндегі вице-президенті Б.Қ.Мухамеджанов пен Даму және қаржыландыру жөніндегі вице-президенті Пусат Пилтен т.б. қатысты.
Аталған курста Түркия Республикасынан 210, Қырғызстаннан 73, Өзбекстаннан 15, Қазақстан ЖОО-нан келген 93, жалпы 391 шетелдік студент білім алды.
Түркия Республикасы тарапынан қаржыландырылған жазғы оқу курсында
студенттер қазақ, орыс, түрік тілдерінде дәріс алды. Сондай-ақ олар күн сайын семинарларға қатыса отырып, университетте өткен түрлі қоғамдық шараларда белсенділік танытты. Тіпті әртүрлі мәдени бағдарламаларға атсалысып, жолдастық футбол ойынын да өткізді.
Ерекше айта кетерлік жайт, университеттің ұйымдастыруымен шетелдік студенттер ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне, Үкәша ата және т.б тарихи-мәдени орындарын зиярат етті.

Жиында жазғы оқуын осындай жетістіктермен тәмамдаған студенттерге сертификат табыс етіліп, кеш соңы мерекелік концертке ұласты.