Оқу ісі жөніндегі вице-президенті тағайындалды

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне, Ректор Болатбек Абдрасиловтің бұйрығымен университеттің Оқу әдістемелік ісі жөніндегі вице-президенті қызметіне Үмбетов Өмірбек Үмбетұлы тағайындалды.

Білімі жоғары, техника ғылымдарының докторы, профессор. 1978 жылы политехникалық  институтын (Қ.Сатпаев атындағы Ұлыттық техникалық университет), 1987 жылы Мәскеу тоқыма институтының «Автоматтандыру» кафедрасы аспирантурасын бітірген.  Қ.Сатпаев атындағы Ұлыттық техникалық университетінде докторлық диссертация қорғаған, М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі, Оқу-әдістемелік кешен директоры, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Ақпараттық технологиялар мен жүйелер» факультетінің деканы, Ақпараттық технологиялар  және  қашықтықтан оқыту  институтының директоры, оқу ісі және ақпараттық  технологиялар  жөніндегі проректоры болып қызмет жасады