Болатбек Абдрасилов Ұлттық тестілеу орталығының директорымен кездесті

10 тамыз күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің  Президенті Б. Абдрасилов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұловпен кездесті. Кездесу барысында ректор келген қонаққа университетте жүріп жатқан жаңа үрдістер, оқу процесінде жоспарланған өзгерістер мен қазіргі заманның оқыту технологиялары туралы мәлімет берді. Сондай-ақ, Болатбек Серікбайұлы ұлттық және кешенді тестілеуде жүргізілген дайындық жұмыстары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына емтихан қабылдау барысы туралы айтып, Рамазан Әлімқұлов секілді университетіміздің түлектерін мақтан ететінін айтты.
Айта кетейік, Рамазан Әлімқұлов — университетіміздің алғашқы түлектерінің бірі. Ол 1996 жылы университетіміздің Заң факультетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Магистратура, одан кейін докторантура бағдарламасын Ресей халықтар достығы университетінде жалғастырған. Содан соң «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Nottıngham университетінде де білімін шыңдаған.

Орталық мемлекеттік органдарда, ҚР Президентінің әкімшілігінде, ҚР БжҒМ заң департаменті басшысы, ҚР БжҒМ БжҒ саласындағы бақылау комитетінің төрағасының орынбасары сияқты қызметтерді атқарған.

2013-2016 ж. ҚР БжҒМ «Қаржылық орталығы» АҚ Президенті .

28/12/ 2016 ж бері ҚР Білім және Ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығының» директоры.