Хабарландыру

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті қашықтықтан білім беру ҚазТЕП жобасының шеңберінде талапкерлерді 6М050700-Менеджмент (Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент, білім беру саласындағы менеджмент), 6М050600-Экономика (Кәсіпорын экономикасы), 6М030100-Құқықтану (Кәсіпкерлік құқық), 6М070300-Ақпараттық жүйелер (Компьютерлік инженерия) магистратура бағдарламалары бойынша оқуға шақырады.
Талапкерлер тамыз айының 10-15 аралығында кез-келген жоғары оқу орнында шет тілінен емтихан тапсырып, 30 баллдан кем емес сертификат алуы қажет. 15-20 тамыз аралығында kaztep.ayu.edu.kz сайтында өтініш толтырып, құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса салады. 21-25 тамыз аралығында таңдаған мамандығы бойынша онлайн емтихан тапсырады. Сондай-ақ Қазақстанның басқа Жоғары оқу орындарына мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға түсе алмаған талапкерлер қашықтықтан білім беру ҚазТЕП жобасының шеңберінде магистратура бағдарламасы бойынша білім алуға мүмкіндіктері бар.
Анықтама телефондары: 8(72533)6-37-51; 8 777 094 89 95; 8 707 799 80 18, электронды адрес kaztep.ayu.edu.kz; kaztep@ayu.edu.kz.