Жас биологтарымыз Есік дендро-саябағына аттанды

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Президенті Болатбек Абдрасиловтың маңызды бастамаларының бірі – Ботаникалық бақты жандандыру.
Осы мақсатта ректор таяуда Биология кафедрасы, ЖБИ-612 тобының студенттері А.Абдикаликова, З.Рафикова, А.Дүйсенбай және Э.Жумабаевты Алматы облысы, Есік қаласындағы Есік мемлекеттік дендрологиялық саябағына тәжірибе жинақтауға жіберді.
Айта кету керек, жас ғалымдардың ғылымға деген құлшынысын арттырып, білімдерін шыңдау үшін ректор осыдан біраз бұрын университет қабырғасында Есік мемлекеттік дендрологиялық саябағының ғалымдарымен кездесу өткізген болатын. Нәтижесінде қазіргі таңда төрт студент аталған Есік саябағында раушан гүлдерінің көшетін өсіру ісімен шұғылдануда. Жас ғалымдар тәжірибе барысында өсімдікке күтім жасау, телу, микроклонды көбейту, декоративті және жеміс ағаштарының көшеттерін өсіру технологияларын меңгермек. Бұл ¬- университеттің Ботаникалық бағын ғылымға үйлестіру бағытындағы іс-шаралардың бастамасы. Себебі алдағы уақытта жастарымыз алған тәжірибелерін Ботаникалық бақты ғылыми база ретінде қалыптастыру үшін және ғылым мен бизнесті ұштастыру мақсатындағы жобаларда қолданатын болады.