Университет Президенті Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды

12 қыркүйек күні Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Президенті Б.Абдрасилов Алматы қаласында орналасқан Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды. Институт директоры ректорды институттың зерттеу жұмыстары мен қызметкерлердің жүргізген сараптамалық зерттеулерімен таныстырды. Сондай-ақ, кездесу барысында мекеменің даму перспективасы талқыланып, институттың Қазақстан Республикасының сараптау-талдамалық құрылымдарының алдыңғы қатарына шығу бойынша нақты тапсырмалар берілді.