Академик М.Жұрынов ҚР Ұлттық ғылым академиясына қайта сайланды

12 қыркүйек күні ҚР Ұлттық ғылым академиясында ҚР ҰҒА Президентінің есеп беру баяндамасы талқыланған жалпы сессиясының отырысы өтті. Сондай-ақ, ҚР ҰҒА Президентінің сайлауы болды.

М.Жұрынов өзінің есеп беру баяндамасында соңғы жылдардағы Ұлттық академияның қол жеткізген жетістіктері мен қызметі жөнінде толық баяндады. Сонымен қатар, Қазақстан ғылымының алдында тұрған тапсырмалар мен даму болашағы жайында айтып өтті.

Күн тәртібіне сәйкес ҚР ҰҒА Президентін келесі 5 жылға сайлауы өтті. Отандық ғылым мен академияның дамуына сіңірген еңбегі ескеріле отырып, ҚР ҰҒА академиктері мен корреспондент-мүшелерінің жасырын дауыс беруі арқылы, бірауыздан ҚР ҰҒА Президенті болып академик М.Жұрынов қайта сайланды.