Университет Президенті «Қазақстан РТРК» басқарма төрағасының орынбасарымен кездесті

Бүгін 14 қыркүйек күні Қожа Ахмет Ясауи университетінде «Қазақстан РТРК-нің» Түркістан облыстық филиалы «Оңтүстік» телеарнасының күзгі жаңа телемаусымының тұсаукесері өтті.
Айтулы шараға «Қазақстан РТРК» басқарма төрағасының орынбасары Серік Рахметоллаұлы Егізбаев қатысты. Жаңа телемаусымның ашылу салтанатына университет президенті Болатбек Абдрасилов арнайы қонақ ретінде шақырылды.
Түркістанға келген Серік Рахметолла мен «Оңтүстік» телеарнасының директоры Бауыржан Қамбарұлын университет ректоры қабылдап, әріптестік байланыстар төңірегінде әңгіме өрбітті. Кездесуде «Оңтүстік» телеарнасының редакторы Мұхтар Атабай, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысы Бейсен Тәжібай, университетіміздің Рухани жаңғыру бағдарламасының жетекшісі Әміреқұл Абуов та болды.

Ақпарат орталығы