Университет балуандары топ жарды

12 қыркүйек күні Елордамыз Астанада Ұлттық спорт түрлерінен Республикалық «Ұлы дала рухы» фестивалінің тоғызқұмалақ, асық ату ойындары мен қазақ күресінен финалдық жарыстары өтті.
Тартысты ойын нәтижесінде, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері қазақ күресінен айқын жеңіске жетті. Атап айтсақ, командалық есеппен 5В010800-Денешынықтыру және спорт мамандығының студенттері Әбдіғани Бейбарыс, Айдарбек Тоқтарбек, Молдаш Кемелбектер бас жүлдені қанжығаларына байлады. Жігерлі шәкірттерді баптаған университетіміздің аға бапкері М.Бугенбаев. Фестивальде топ жарған оқу ордамыздың балуандарына қомақты ақшалай сыйақы табыс етілді. (Фото: www.ult.kz сайтынан алынды)

Ақпарат орталығы