Дөңгелек үстел өтті

Таяуда интерактивті мәжіліс залында Түркология ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен «Түрік тілін үйретудегі түркі тілдес оқушылардың септік жалғауларды үйренудегі жасайтын қателіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
ЖОО-ға дейінгі Дайындық факультетінің оқытушысы Ержан Петек спикер ретінде қатысып, баяндама жасады.
Жиынның ашылуында Даму және қаржыландыру жөніндегі вице-президент П.Пилтен сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Шара соңында қатысушылар пікір, ұсыныстарын айтты. Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры Өмер Күчүкмехметоғлу баяндама жасаған спикер Ержан Петекке алғысын білдірді.

Ақпарат орталығы