Ғылыми семинар өтті

13 қыркүйек күні Түркология ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен ғылыми семинар өтті.
Семинарда Түркияның Балыкесир қаласындағы Бандырма университетінің докторы Бахтияр Aслан «Модернизация және дәстүр тұрғысынан түрік поэзиясы», ал Түркияның Ыстанбұл қаласындағы Мимар Синан университетінің «Тарих» кафедрасының докторы Абдулвахап Қара Астананың 20 жылдығына орай «Астана қаласының Түркі әлемінің бейбітшілік дипломатиясы және ынтымақтастық орталығына айналуы» тақырыбында баяндама жасады.
Шараға оқытушы-профессорлар, ғылыми қызметкерлер, магистрант-докторанттар, студенттер қатысты.

Ақпарат орталығы