Журналистер кездесуі

14 қыркүйек күні Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсенбай Тәжібаев Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің журналистика мамандығының ұстаздары мен студенттерімен кездесті.
Б.Тәжібаев облыста өтетін «Таңғажайып Түркістан» байқауы туралы мәлімет берді. Байқаудың басты мақсаты Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» жобасын жүзеге асыру және туған жердің туристік әлеуетін көтеріп, тарихын насихаттау екенін айтты. Сонымен қатар, журналистика мамандығының студенттерінен құралған ерікті журналистер клубын құруға шақырды. Ағылшын және түрік тілдерінде білім алып жүрген студенттер Түркістан қаласының тарихын дәріптеуге, шетелге танытуға үлес қосатынын айтты.
Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жетекшісі Ә.Әбуов, Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Э.Батмаз сөз сөйлеп, студенттердің шығармашылық жұмыстарына сәттілік тіледі.

Ақпарат орталығы