Университет президенті Археология ғылыми-зерттеу институтының ұжымымен кездесті

14 қыркүйек күні Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті Болатбек Абдрасилов Археология ғылыми-зерттеу институтының ұжымымен кездесті.
Жиынға Рухани жаңғыру бағдарламасының жетекшісі Ә.Әбуов, Оқу-әдістемелік ісі жөніндегі вице-президент Ө.Үмбетов, Даму және қаржыландыру жөніндегі вице-президент П.Пилтен, Ғылыми-зерттеу істері жөніндегі вице-президент К.Беркімбаев, «Ғылыми тарих» мамандығының студенттері қатысты.
Археология ҒЗИ-дің аға ғылыми қызметкері С.Мұрғабаев «Қаратаудың кешенді археологиялық экспедициясы», аға ғылыми қызметкер Б.Сыздықов «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мыңтөбе» қорымында жүргізілген археологиялық зерттеулер» тақырыбында баяндама жасады. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерін айтты.
Университет президенті Б.Абдрасилов жер астында әлемдік өркениеттің дамуына сүбелі үлес қосқан түркі өркениетінің мыңдаған жылдық тарихы бар екенін, осы бағытта археологтарымыз жақсы керемет жұмыстар жүргізіп жатқанын айтты. Археология ғылымының әлемдік деңгейге жеткізу үшін нақты ұсыныстар айтты. Шетелдік ғалымдармен, Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтымен байланыс орнату, бірлесіп қазба жұмыстарын жүргізу, семинар өткізу туралы ойларын ортаға салды. Археология ғылымының шетелдік тәжірибесін үйрену, шетелдің археологиялық жұмыстар жүргізудегі заманауи әдіс-тәсілдерін меңгеру, ағылшын тілін жетік білу қажеттілігін айтты. Археологтар жұмысын жоғары бағалап, қызметтеріне сәттілік тіледі.
Жиын соңында Археология ҒЗИ директоры К.Жетібаев сөз сөйлеп, археологтар еңбегін бағалаған Болатбек Серікбайұлына алғысын білдірді.

Ақпарат орталығы