Еуропа ғалымдарының сапары

15 қыркүйек күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне шетелдік бір топ медицина саласының ғалымдары келді.
Оқу орнына арнайы келген қонақтарды университеттің вице-президенті Пусат Пилтен, Рухани жаңғыру бағдарламасының жетекшісі Әміреқұл Әбуов, Ахмет Ясауи клиникасының бас дәрігері Сандуғаш Рүстемова қарсы алды.
Шетелдік дәрігерлер қыркүйектің 14-15 күндері Шымкент қаласында өткен «Бірінші Ортаазиялық Паркинсон ауруы жəне қозғалыстың бұзылулары бойынша конференцияның» қатысушылары болатын. Түркістан шаһарына арнайы зиярат етіп келген ғалымдар Ахмет Ясауи университетінің кампусымен және Ясауи мұражайымен танысты.

Ақпарат орталығы