«Тілдер мерекесіне» арналған айтыс өтті

17 қыркүйек күні Ахмет Ясауи университеті кітапханасында «Тілім – менің тірлігімнің айғағы» атты ақындар айтысы өтті. Филология факультеті ұйымдастырған бұл айтыс ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, «Қазақстан халықтары тілдері» мерекесіне орай өткізілген апталықтың алғашқы шарасы болатын.
Шараның ашылу салтанатында Рухани жаңғыру бағдарламасының жетекшісі Ә.Әбуов, профессор Қ.Ергөбек, Филология факультетінің деканы Н.Айтбаева айтыскерлерге сәттілік тіледі.
Филология факультетінің деканы Н.Айтбаева, Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Құлбайымбетов, мәслихат депутаты К.Сырлыбаев, кәсіпкер, меценат, Ж.Төлеметов қазылық еткен бұл айтыста бірінші орынға Ырыскүл Досжан ие болды. Жүлделі екінші орын Бақнұр Нұржанға бұйырса, Батыс Тілеубек ІІІ орынды қанағат тұтты. Жеңімпаздар апталықтың жабылу салтанатында арнайы марапатталады.
Жалпы, 17-21 қыркүйек аралығын қамтитын «Тілдер мерекесі» апталығын Рухани жаңғыру бағдарламасының жобалық офисі ұйымдастырып отыр. Апталық барысында «Тіл тағдыры — ұлт тағдыры» пікір-сайысы, «Үш тілде білім беру бағдарламасына» сәйкесинтеллектуалдық ойындар және «Алтын тамыр» атты прозалық, поэзиялық, публицистикалық байқаулары секілді бірқатар мәдени шаралар ұйымдастырылмақ.
Ақпарат орталығы