Өкілетті Кеңес төрағасы студенттермен кездесті

19 қыркүйек күні Өкілетті Кеңес төрағасы, профессор Мұса Йылдыз оқу ордамыздың Экономика және мемлекеттік басқару жоғары мектебінің білімгерлерімен кездесті.
Жастармен өткен басқосуға І вице-президент, профессор Женгиз Томар, Даму және қаржыландыру жөніндегі вице-президент Пусат Пилтен, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директорының орынбасары Булент Шен, төраға көмекшісі Кадир Юксел қатысты.
Профессор М.Йылдыз студенттердің оқу үдерісіне қатысты барлық сауалдарына жауап берді. Сонымен қатар, білімгерлердің ұсыныстарын мұқият тыңдап, барлық пікірлерді назарға алды.
Өкілетті Кеңес төрағасы М.Йылдыз бір шаңырақ астында білім алып жатқан 32 ұлттың өкілдерін достық пен бауырластық дәнекері болуға шақырды.

Ақпарат орталығы