«Тілдер мерекесі» апталығы мәресіне жетті

21 қыркүйек күні Қожа Ахмет Ясауи университетінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, «Қазақстан халықтары тілдері» мерекесіне орай өткізілген апталықтың жабылу салтанаты өтті.
Рухани жаңғыру ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған «Тілдер мерекесі» апталығының жеңімпаздары анықталып, салтанатты шарада марапатталды. Атап айтсақ, «Тіл тағдыры — ұлт тағдыры» дебат ойыны бойынша І орынды А.Хабибуллаева, Динара Бердияр, ІІ орынды Өмірбек Азамат, Ыдырыс Бауыржан иеленді, Ал, спикер Мирас Куспанов «Үздік ойыншы» деп танылды. «Үш тілде білім беру бағдарламасына» сәйкес зияткерлік ойындар қорытындысы бойынша, І орынды Жансая Қайратбекқызы, ІІ орынды Гүлбану Пердебекова, ІІІ орынды Бекарыс Ибрагимов иеленді. Сондай-ақ, «Алтын тамыр» поэзиялық, публицистикалық байқау нәтижесінде І орынды Мейір Нұрдәулет, ІІ орынды Еламан Төлеутай, ІІІ орынды Архалық Әмалият иеленді.
Жеңімпаздарды Рухани жаңғыру бағдарламасының жетекшісі Ә.Әбуов, тіл жанашыры, демеуші, Кентау қаласының «Құрметті азаматы», мәслихат депутаты К.Сырлыбаев, Өнер факультетінің деканы Е.Маханбет, Филология факультетінің деканы Н.Айтбаева, Рухани жаңғыру ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Л.Динашева, Студенттер үйінің шаруашылық іс жөніндегі меңгерушісі С.Мұханов марапаттады. Апталық жеңімпаздарына қаржылай, заттай сыйлық, көп томдық шығармалар жинағы табысталды.
Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Ақпарат орталығы