
«Болашақ» бағдарламасы бойынша 12.10.2018ж күні брифинг ұйымдастырылуда. Брифинг барысында, «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде білім алу жөнінде және «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары, конкурсқа қатысу талаптары туралы, сондай-ақ «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелдік білім алудың қол жетімді мүмкіндіктері туралы, мемлекетаралық келісімдер және Еуропада тегін білім алу бойынша түсініктемелер берілетін болады.
Брифинг Ақпараттық ресурстық орталығының Конференц залында 12.10.2018ж. сағат 15:00-17:00 аралығында өтеді.