Меморандумға қол қойылды

8 қазан күні Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті президенті Болатбек Абдрасилов пен Астана қаласындағы Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры Раманкулов Ерлан кездесіп, ортақ меморандумға қол қойды.
Басты мақсат – жас ғалымдардың зерттеу жүргізуіне қолайлы жағдай жасау және соңғы технологияларды меңгеруіне жол ашу. Ұлттық биотехнология орталығы 2005 жылғы 2 тамызда құрылған. Орталықтың негізгі мақсаты – ғылым саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ биология мен биотехнология саласында ғылыми зерттеулерді дамыту болып табылады.
Ендігі кезекте өзара келісім бойынша оқу ордамыздың студенттері мен магистр және де доктаранттарына орталық мамандары лекция оқымақ. Лекция 9 қазан күні Мәдениет орталығының кіші залында жүргізілмек.

Ақпарат орталығы