Жолдауға қолдау танытты

8 қазан күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығының кіші залында Нұр Отан партиясы «Тұран» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті.
Жиналыстың күн тәртібіне сәйкес ҚР Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатынының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау, Бастауыш партия ұйымының 2017-2018 жылдарда атқарған жұмыстары туралы, Бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыру тұжырымдамасы жобасын талқылау, Бастауыш ұйым төрағасы мен бюро мүшелерін сайлау және «Нұр Отан» партиясы Түркістан қалалық филиалының кезекті XXXVI конференциясына делегаттар сайлау мәселелері қаралды. Жиынды «Тұран» бастауыш ұйымының төрағасы Ж.Дарибаев жүргізді.
Жиында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жылғы екінші рет жасаған халыққа жолдауында тағы да елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын жақсарту туралы айтқандығы, халықтың әл-ауқатының өсуі басты басымдыққа айналуға тиіс екендігі айтылды. Сондай-ақ, білім саласы мен педагог мәртебесі тақырыбы сөз болды.
Сонымен қатар, бастауыш ұйымның 2 жылдық есебін қорытындылау барысында партияның беделі мен абыройына берік сенген азаматтар саны ұжымда өскендігі, партия мүшелері есебінің дұрыстығын тексеру және партия қатарын толықтыру, мүшелердің сандық, сапалық құрамына талдау жүргізілгендігі жайлы баяндалды. Бастауыш ұйымда өткізілген тәжірибе алмасу семинарлары, бюро мүшелерінің саны артқандығы, партиялық оқуларға қатысу, партиялық жобалар мен басқа іс-шаралар барысы туралы баяндалды. Ахмет Ясауи университетінің «Жас отан» жастар қанатының төрайымы Мұрат Айгерім бастауыш партия ұйымының бюро мүшелігіне өтті. Жиын соңында бастауыш ұйым төрағасы ретінде Ж.Дарибаев көпшілік дауыспен бірауыздан қайта сайланды.

Ақпарат орталығы