Ұлттық Биотехнология орталығының өкілдері студенттермен кездесті

9 қазан күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығының кіші залында Ұлттық Биотехнология орталығының өкілдері студенттермен кездесті.
Жиынды Ғылым-зерттеу істері жөніндегі вице-президент К.Беркімбаев жүргізіп, шара мақсатын түсіндірді. Ұлттық Биотехнология орталығының негізгі жұмысы – тұқым мен жасушалар диагностикасын, регенерациялық медицинаны, будандастыруды және өсімдіктердің генетикалық қорын сақтау, ғылым саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ биология мен биотехнология саласында ғылыми зерттеулерді дамыту, т.б., көптеген бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын қамтиды.
Ұлттық Биотехнология орталығының Бас директоры Е.М.Раманқұлов орталық қызметі туралы, зертхана жұмысы жайлы, ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері, ғылыми жетістіктері бойынша баяндама жасады. Сондай-ақ, ҰБО лабаратория меңгерушілері П.В.Тарлыков, М.К.Жабагин, З.Т.Шульгау орталықтағы іргелі ғылыми жұмыстары туралы айтып өтті. Сонымен қатар, Эрджиес университеті (Түркия) Ген көк ғылыми-зерттеу институтының директоры Юсуф Өзку сөз алып, Қазақстандағы биотехнологияның болашағы зор екенін айтты. Осы сала бойынша өзі қызмет атқаратын институттың ғылыми жұмыстарын баяндады.

Д.Мыңбаева,
Ақпарат орталығы