Топ аралық спартакиада басталды

9 қазан күні №6 ғимарат спорт залында Өнер факультеті «Дене мәдениеті» кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мақсатында мамандық студенттері арасында топ аралық спартакиаданың ашылу салтанаты өтті. Жарысқа «Дене мәдениеті» кафедрасына қарасты мамандықтар бойынша 240 студент қатысты.
Жарыстың мақсаты — студенттер арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау; жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып денсаулығын нығайту; спорт түрлері бойынша бастапқы әскери дайындық және денешынықтыру және спорт мамандығы студенттерінің шеберлігін жетілдіру.
Спартакиада 14 спорт түрі бойынша өтуде: кіші футбол, баскетбол, волейбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, арқан тарту, қол күрес, жүзу спорты, ату сайысы, азаматтық қорғаныс (газ тұмылдырығын уақытқа кию), жарқыл кезіндегі қорғану (оң жақ, сол жақ, маңдай шеп, арт жақтан), қозғалыстағы саптық бұрылыстар, қозғалыстар, әскери қолданбалы сайыстар.
Жарысты өткізу төмендегі бекітілген төрешілер алқасына жүктелді: Ж.Қасымбеков, О.Дүйсенов, А.Уразбаев, С.Ақназаров, А.Исаев, Т.Қасенов, Б.Ахметов, А.Алтынбеков. Осындай білікті мамандардың жетекшілігімен бітіруші курс студенттері төрешілік жұмыстарын атқаруда.

Ақпарат орталығы