«АҚШ ІТ-СТАРТАПТАРЫНДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДАМА» КОНКУРСЫ

Силикон алқабында тегін тағылымдамадан өтуді армандайсыз ба? Ең ірі әлемдік ІТ-компаниялардың отанында табысқа жетуге қабілеттімін деп санайсыз ба? Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры сізге өзіңіздің қалыптасып, танылуыңызға бірегей мүмкіндік береді. Біз Кремний алқабының перспективті стартаптарының біреуінен тегін тағылымдамадан өтуге конкурс жариялаймыз (Калифорния, АҚШ).
Конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Іріктеудің басты критерийі – Сіздің кәсіби дағдыларыңыз және дербес кемелденуге деген ниетіңіз. Сіздің қазіргі күні ІТ саласындағы қалыптасқан кәсіпқой маман немесе магистратура студенті болғаныңыз маңызды емес – Сіздің кім болғыңыз келетіні маңызды. «АҚШ ІТ-стартаптарындағы тағылымдама» бағдарламасы – бұл Сіздің өз өміріңізді түбегейлі өзгертуге мүмкіндігіңіз.

АҚШ-тың IT стартаптарындағы тағылымдама

Коммерциялизациялау офисі  Тел: +7 (72533) 6-36-36