Эрджиес университеті профессорының дәрісі

Бүгін, 10 қазан күні Медицина факультетінде Түркияның Эрджиес университетінің профессоры, Ген Кок ғылыми-зерттеу институтының директоры Юсуф Озкул 2 апталық мобильдік оқыту бойынша дәріс жүргізуде. Дәріске қатысушы ОПҚ, магистрант, докторанттар медициналық генетика саласындағы соңғы жаңалықтарға қатысты мол мәлімет алды. Профессор Юсуф Озкул мобильдік оқытудың негізгі ерекшеліктерін талдап түсіндірді. Сондай-ақ, әлем елдері ішіндегі озық тәжірибелерді үйрету, бүкіл тірі ағзаларға тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының генетика саласы бойынша маңызды тақырыптарды қозғады.
Қазақстанға алғаш келген Юсуф Озкул мырзаның дәрістері қазан айының 19-на дейін жалғасатын болады. Дәрістің екінші аптасы студенттерге арналады.
Айта кететін жайт, Юсуф Озкул Генетика және бағаналы жасушаларды зерттеу институтының негізін қалаушы. Сонымен қатар, 300-ден астам медицина саласындағы еңбек пен мақалалары басылымдарда жарық көрген. Және де 20 ғылыми жобаның авторы. Сондай-ақ, Медициналық генетика қоғамына, Түрік гематология қоғамы мен Еуропалық гематологиялық қауымдастығына мүше.
Қорыта айтқанда, медицина саласындағы соңғы жаңалықтар мен жаңашылдықтарды көрсету арқылы студент жастардың талабын шыңдап, қатысушылармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасалды.

Ақпарат орталығы