Халықаралық көші-қон симпозиуымы өз жұмысын бастады

10 қазан күні Мәдениет орталығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және Стамбул Мәдениет университетімен бірлесе ұйымдастырылған «Халықаралық Еуразия көші-қон симпозиуымының» ашылу салтанаты өтті.
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев кіріспе сөз сөйлеп, симпозиумның мән-маңызына тоқталды. Сондай-ақ, Өкілетті кеңес төрағасы Мұса Йылдыз, университет президенті Болатбек Абдрасилов, Стамбул Мәдениет университетінің ректоры Ихсан Караман, I вице-президент Женгиз Томар құттықтау сөздерін айтып, симпозиум жұмысына сәттілік тіледі. Университет президенті Б.Абдрасилов: «Бүгінгі алқалы жиын өзекті мәселелерді талқылайтын үлкен платформаның негізін қалады. Осы симпозиумның идеясын біздің университеттің ғалымдары жалғастырып, маңызды мәселелерді шешуге өз үлестерін қосады деп сенемін» — деп, университет тарихы туралы, оқу орданың жаңа дәуірге қадам басқанын айта кетті.
Ғылыми басқосуда шетелдік және отандық ғалымдар ішкі және сыртқы миграция проблемаларына арналған маңызды мәселелерді талқылады.

Д.Мыңбаева,
Ақпарат орталығы