Біріккен Ұлттар Ұйымы қорының Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігі университетімізде

10 қазан күні халық саны саласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы қорының (ЮНФПА), Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігі және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебінің студенттері бірлесіп ұйымдастырған тренинг өтті. Аталған шараға БАҚ өкілдері, оқытушы-профессорлар, белсенді студенттер қатысты.
Тренинг мақсаты — Қазақстандағы жасөспірім қыздардың репродуктивті денсаулығын сақтауды Бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау, т.б. өзекті мәселелер. Қазақстандағы БҰҰ тұрғын халық саласындағы қорының атқарушы өкілі Р.Сисемалиев жасөспірім қыздардың осы жөнінде білімді болуына жағдай жасау керектігін айтып, репродуктивті денсаулық сақтау валеология курсын енгізуді ұсынды.
Қатысушылар ЮНФПА-ның, UyatEmes.kz. веб-сайтының және «Young Peer Kazakhstan» қозғалысының жұмысымен танысты.

Нұрдәулет Әлімжанов,
Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебінің оқытушысы