Назарбаев университетінің профессоры Колин Нокс семинары

Бүгін, 11 қазан күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті Кітапхана конференц-залында Назарбаев университетінің профессоры Колин Нокс «Назарбаев университетінің тәжірибесі» тақырыбында семинар өткізді.
Дәріске оқытушы-профессорлар, магистрант және докторанттар қатысып, мол мәлімет алды.
Профессор Колин Нокс студенттерге алты сағат дәріс өтетінін, ал қалған уақытының басым бөлігін ғылыми ізденістерге арнайтындығын айтты. Және студенттердің жаһандық бәсекеге қабілетті болуы үшін, практикаға және ғылыми ізденіске көп уақыт берілетінін, бұл оқу орнындағы білім мен нәтиже бітірушілерінің жұмысқа орналасуымен өлшенетінін жеткізді. Назарбаев университетінің басты мақсаты — студентті тек ғана өз ісінің маманы емес, жан-жақты жетілген білімді тұлға ретінде қалыптастыру. Осы және өзге де тың ақпараттармен, тәжірибесімен бөліскен профессор Колин Нокс оқытушы құрамның сұрақтарына да тұшымды жауап берді. Сондай-ақ, профессор біздің университетте білімгерлердің сапалы білім алуына жақсы жағдай жасалғанын айтып, жастарға тәжірибесімен бөлісуге қашанда дайын екенін айтты.

А.Исабекова,
Ақпарат орталығы