Гуманитарлық ғылымдар факультетінің ұжымы Жолдауды талқылады

15 қазан күні №3 оқу ғимаратының 318-ші аудиториясында Гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқытушы-профессорлар құрамы және студенттердің қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылау және насихаттау мақсатында арнайы басқосу өтті.
Профессор Х.Тұрсынның «Елбасы жолдауындағы білім саласының міндеттері» атты баяндамасы тыңдалды. Баяндамадан соң оқытушылар өз ойларымен бөлісіп, студенттермен пікір алмасты.

Гуманитарлық ғылымдар факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Е.Жандарбаев