«Ұлы Жібек жолы бойындағы ортағасырлық қалалар» атты халықаралық конференция өтті

Бүгін, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдығына орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Жиынға Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Украина мемлекеттерінің және еліміздің ғалымдары мен музей ісінің мамандары қатысып, баяндамаларын оқыды.
Конференцияның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің өкілі Сералы Тажиханов, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті Болатбек Абдрасилов, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражай директоры Нұрболат Ахметжанов құттықтау сөз сөйлеп, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Болатбек Серікбайұлы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражай директорына адресат, сый-сыяпат табыстап, конференция маңыздылығына тоқталды.
Конференция барысында университет президенті Болатбек Абдрасилов «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне 40 жыл толуына байланысты арнайы мерекелік медалімен марапатталды.

Ақпарат орталығы