Халық қалаулысы студент жастармен кездесті

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әбдіманап Бектұрғанов келіп, білім қызметкерлері мен студент жастармен кездесті. Ондағы мақсат Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауын талқылау және білім саласына қатысты басымдықтарды түсіндіру. Білім сапасын көтеру мен қолжетімділікті арттыру басты міндет екендігін жеткізген халық қалаулысы, алдағы уақытта ЖОО арасында заман талабына сай мамандарды дайындау қажеттігін баса айтты. Бұл турасында бүгінгі таңда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жаңашылдықпен жұмыс бастап кеткендігін жеткізген оқу орда ректоры Болатбек Абдрасилов, биылғы оқу жылынан бастап мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебі құрылғандығын айтты.Төрт бағдарлама негізінде бүгінгі таңда 306 студент білім алуда. Олар экономика, қаржы, бухгалтерлік менеджмент және лидерлікті дамыту, мемлекеттік басқару және аймақтық басқару. Сонымен қатар заман талабына сай мамандарды бейімдеу де жолға қойылғандығын жеткізді.