Біліктілікті арттыратын семинар-тренинг

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Педагогикалық өлшеу орталығы» филиалы кәсіби және қосымша оқыту шеңберінде біліктілікті арттыру курсын өткізуде.
«Критериалды бағалау жүйесі: қалыптастырушы және жиынтық бағалау» тақырыбында университет оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған семинар-тренингті жүргізген «Біліктілікті арттыру курстары шеңберінде педагогикалық қызметкерлерді бағалау» бөлімінің аға менеджерлері Наметқулова Фарида Жанұзаққызы мен Торғаева Эльзира Аликқызы тақырыпты жан-жақты қарастырып, қатысушыларға кәсіби бағдар берді.
Ақпарат орталығы