Тұмауға қарсы бес қадам

Ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде тұмау симптомдары өрши түседі. Осыған орай университетімізде студент оқытушылармен бірге оқу ордамыздың «АИ» дәрігерлік амбулаториясының ұйымдастыруымен семинар өткізілді. Жиын барысында ЖРВИ және Тұмау, Менингит вирусты инфекциялары түсіндіріліп, жиі байқалатын асқынулар айтылды. Осындай симптомдарда қалай ем-дом жасау қажеттілігі көрсетілді. Шара барысында Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемарының Ұлттық орталығы Түркістан облысы бөлімінің меңгерушісі Гузаль Нуруллаева студенттерді салауатты өмір салтын ұстануға, дене белсенділігін арттыруға шақырды. Семинар соңында жиналағандармен сұрақ-жауаптар алынып, тұмау туралы жадынамалар тарқатылды.
Ақпарат орталығы