Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен келісімшартқа қол қойылды

Бүгін 5 қазан күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды. Ондағы мақсат оқу ордамыздың тарих кафедрасында оқитын студент жастардың мамандығына деген қызыгушылықтарын арттыра отырып, ғылыми жұмыстармен айналысу, іргелі зерттеулер жүргізу. Айта кететін жайт бүгінгі таңда университетімізде аталған мамандықта 91 студент білім алуда.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты негізінен – қазақ халқының тарихы, антропология және этнология мәселелері бойынша іргелі ғылыми зерттеу жұмыстарын кешенді түрде терең жүргізумен айналысады. Сонымен қатар тарихнама, тарихи демография, мәдениет және ғылым, этноәлеуметтану мәселелері бойынша зерттеулер жүргізеді. Осыған сәйкес университет президенті Болатбек Абдрасилов алдағы уақытта екі тарап бірлесе жұмыс жасайтындықтарын білдіріп,ғылым саласына көп көңіл бөлетіндігін жеткізді. Тиісінше Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов университет кітапханасына мәні мен маңызы зор құнды кітаптарды сыйға беріп, ендігі кезекте қоян-қолтық жұмыс жасайтындықтарын білдірді. Екі тараптан қол қойылған келісімшарт негізінде ғылыми зерттеулер мен жинақтардың саны артпақ. Сондай-ақ оқу ордамыздың студент жастары меморандум негізінде аталған институтта өндірістік тәжірибеден өтіп, білімдерін жетілдіретін болады.
Ақпарат орталығы