Тарихи құндылықтарымыз дәріптелді

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығының кіші залында Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Ермұханұлының қатысуымен тарихи құндылықтарымызды дәріптеген лекция өтті.
Лекция барысында екі жақты келісімдер орнатылып, жан-жақты идеялар ұсынылды. Қазақстанның барлық өңірін қамтыған интерактивті картаны пайдалана отырып, болашақта жаңаша тарихи жетістіктерге бірге қол жеткізетінімізді тілге тиек етті. Оқу ордамыздың студенттері қазақ тарихын зерттеудегі кейбір мәселелерді айтып, өз ұсыныстарын білдірді. Тиісінше институт директорынан тұщымды жауаптар ала білді.
Қазақ тарихын әлі де зерттеп, зерттеушілердің еңбегін кітап қылып баспадан шығару тарихшылардың міндеті деп пікір білдіргендер де болды. Сонда ғана ұлттық құндылықтарымыз бен тіліміз, дініміз, жерімізді сақтап қалатынымыз анық. Жиын соңында Зиябек Ермұханұлы студенттерді білім алмасуға, ғылыми еңбектер жазып, зерттеулерді кеңейтуге шақырды.
Ақпарат орталығы